в актогае -7
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
Мобильная версия

Жаңалықтар

 

 

 

Ұстаздар марапатталды

Елімізде қазанның алғашқы жексенбісі – мұғалімдер күні. Ұстаз – ұлт пен ұрпақ үшін қасиетті ұғым. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухта тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытуда мұғалімнің еңбегі зор. Міне, сондықтан да елімізде ұстаздар күні қарсаңында мұғалімдерге құрмет көрсетіп, үздіктерін марапаттау дәстүрге айналған. Мереке қарсаңында Ақтоғай ауданы ұстаздар қауымын қошеметке бөлеп, құрмет көрсетті.
Аудандық мәдениетүйінде өткен мерекелік жиында аудан әкімінің орынбасары А.Аманжолов мерекемен жиналған ұстаздар қауымын құттықтады.Ұстаздар ебегіңің қиын да жауапты еңбектеріне тоқталды. «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» атты мерекелік жиында ұстаздарымызға еңбектерін елеп, түрлі марапаттар табысталды. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, оқушылары жоғары білім сапасын көрсеткені үшін К.Кенжебекова, А.Бейсембина, А.Шайкенова, Н.Мұңайтбасова аудан әкімінің 100 000 теңгелік сыйақы иегері атанды. Сонымен қоса, Тәуелсіз Қазақстанның Рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін ҚР Білім және ғылым Министрлігінің Құрмет Грамотасымен, Білім беру жүйесін дамыту мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі мен жеткен жетістіктері үшін ҚР Білім және ғылым Министрлігінің Алғыс хатымен және Облыс әкімінің алғыс хатымен 15 ұстаз марапатталды.
Өркениет көшіндегі осы заманға лайықты білім беруді дамыту мен бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу жолындағы мүлтіксіз еңбегі мен ауданның білім беру саласына қосқан зор үлесі үшін Аудан әкімінің құрмет грамотасы және аудан әкімінің Алғыс хаттары 4 ұстазға табысталды.
Білім беру саласын дамытуға қосқан мол үлесі мен педагогикалық қызметте шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, біліктілік танытқаны үшін Қарағанды облыстық білім басқармасының төсбелгісімен 4 ұстазымыз мараптталса, облыстық, аудандық білім бөлімдерінің алғыс хаттары да табысталды. Жиында Ақтоғай аудандық жалпы білім беретін мектептері ұстаздарымен өнер мектебінің оқушылары әнмен ұстаздарына керемет көңіл күй сыйлады.


Кері қайту

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района