в актогае -5
USD 377.09
EUR 407.37
RUB 5.93
Мобильная версия

Жаңалықтар

 

 

 

19 Ақпан 2020 Ағымдағы жылдың 18 ақпан күні сағат 10.00 - 12.00 аралығында аудан әкімі С.Әбеуова азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдауға, тиісті бөлім мекеме басшылары қатыстырылды. Жеке қабылдауда азаматтар тарапынан ауыл шаруашылық және Қарабұлақ орта мектебінің мәселелері бойынша сұрақтар қойылды. Азаматтарға қолданыстағы Заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бірқатар түйткілді мәселелер бақылауға алынды


05 Ақпан 2020 Ақтоғай аграрлық-техникалық колледжінің мұғалімдері мен студенттері арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу үшін дін саласындағы негізгі білімді және діни сауаттылықты қалыптастыру мақсатында

«Терроризм актісінің алдын алуға немесе жолын кесуге көмектесетін ақпаратты арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына хабарлаған азаматтарды материалдық көтермелеу туралы, экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің тиісті баттарына сәйкес жауаптылықты түсіндіру»


06 Желтоқсан 2019 Тұңғыш Президент күні қарсаңында Ақтоғай ауылында "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметкерлер мен әлеуметтік қорғалатын азаматтар баспаналы болды


02 Қазан 2019 Ұстаздар марапатталды

Елімізде қазанның алғашқы жексенбісі – мұғалімдер күні. Ұстаз – ұлт пен ұрпақ үшін қасиетті ұғым. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухта тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытуда мұғалімнің еңбегі зор. Міне, сондықтан да елімізде ұстаздар күні қарсаңында мұғалімдерге құрмет көрсетіп, үздіктерін марапаттау дәстүрге айналған. Мереке қарсаңында Ақтоғай ауданы ұстаздар қауымын қошеметке бөлеп, құрмет көрсетті.


02 Қазан 2019 Бүгін аудан әкімдігінің кіші залында мұғалімдердің кәсіби мерекесіне орай ресми қабылдау өтті.

Бүгін аудан әкімдігінің кіші залында мұғалімдердің кәсіби мерекесіне орай ресми қабылдау өтті. Кәсіби мерекеге білім саласындағы ерен еңбегі үшін бір топ аудандық ардагер – ұстаздар қатысты. Мерекелік қабылдауға қатысқан аудан әкімінің орынбасары А.Аманжолов барша ұлағатты ұстаздарды атаулы мерекелерімен құттықтап, ұрпақ тәрбиелеудегі мұғалімдердің зор қызметін атап өтті. Жиын соңында ұстаздардарға сый-сияпаттарын табысталып, сый-құрмет көрсетілді


01 Қазан 2019 1 қазан күні аудандық ардагерлер үйінде Халықаралық қарттар күні аталып өтті.

Аудандық ардагерлер үйінде дастархан жайып, аудан басынан ауылдық округ қарттары, зинетке шыққан, Ақтоғай ауданына еңбегі сіңген бір топ қарт ардагерлері бас қосты.
Мерекелік шарада аудандық мәслихат хатшысы Р.Әбеуов сөз алып, - үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл- кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың ауданымыздың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер, баршаңызға мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл күй, ұзақ ғұмыр тілеймін, деп қарттарға ізгі тілектерін арнады.


01 Қазан 2019 Сарышаған кентінде 1 қазан Халықаралық қарттар күніне орай өткізілген іс-шараның ақпары

Қазақ халқы ерте кезден ақсақалы мен ақ шашты ананы қадірлегені соншалық, ақ киізге орап, көтерген екен. Бүгінде біздің аталарымыз бен аналарымыз да сондай құрметтен кем емес. Орны – төр, қатары – алдыңғы сапта. Қарттарымызды құрметтеу және қадірлеу мақсатында 1 қазан Халықаралық қарттар күніне орай Сарышаған кентінде жүргізілетін іс-шаралар жоспары бекітіліп, ұйымдасқан түрде өткізілді. Іс-шараны өткізу мақсаты: адамзат бойындағы үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттерін арттыру және қарияларды құрметтеу.
​2019 жылдың 1 қазаны күні сағат 11:00-де Мәдениет үйінде «Ауылдағы қария-ағып жатқан дария» атты кентіміздің қарттары үшін арнай мерекелік концерт ұйымдастырылды. Кентіміздің әкімі Р.И. Наурызбаев және Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Магзумов және қоғамдастық ұйымының төрағасы Р.Бокишев қарттарымызды атаулы датамен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Мерекелік концертті кентіміздің өнерлі жастары мен мәдениет үйінің қызметкерлерімен ұйымдастырылды. Концерт барысында кентіміздің жеке кәсіпкерлерінің демеушілігімен кішігірім сыйлықтар берілді.


25 Қыркүйек 2019 Партияның Ақтоғай аудандық филиалының төрағасы қоғамдық қабылдау өткізді

Аудандық «Nur Otan» партиясы ғимаратында аудан әкімі , аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының төрағасы С.Әбеуова 24 қыркүйек күні жекелеген ауыл тұрғындарымен кездесіп, қоғамдық қабылдау жасады.Қабылдауға алдын-ала жазылған жас кәсіпкер А.Төлеухан, көпбалалы ана А.Сыздыкова келіп өздерінің мәселелеріне қатысты сұрақтарын қойды. Тұрғын үй мәселесі бойынша және жеке кәсібін ашу үшін берілетін көмектер жайлы сұрақтармен келген азаматтарды аудан басшысы мұқият тыңдап, барлық мәселелеріне толық жауаптар қайтарды. Қойылған сұрақтар аясында мекеме басшылары шақыртылып, мәселені түбегейлі шешуге тапсырмалар жүктеді. 


24 Қыркүйек 2019 Ақтоғай ауданы бойынша түрлі деңгейдегі мамандық, лауазым, кәсіп иелері диагностикалық және сертификаттық тестілеу жұмыстарына қамтылуда.

Қазіргі уақытта «Қазтест» жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді В1 (орта) және С1 (жоғары) деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсету мекемелері қызметкерлерінің үлесін арттыру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіліп, аталған тестілеу жұмыстарына жыл сайын Ақтоғай ауданы бойынша түрлі деңгейдегі мамандық, лауазым, кәсіп иелері диагностикалық және сертификаттық тестілеу жұмыстарына қамтылуда.


23 Қыркүйек 2019 Ауданымызға қарасты Сәуле елді мекенінде Қазыбек Нұржановтың 100 жылдық мерейтойына арнап батыр атында саябақ ашса, сол жерге «Көкбөрі Керней баба» қоғамдық қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен батыр ұрпақтары аталарының ескерткішін орнатып, тарихи із қалдырды.

Биыл Кеңес Одағының батырлары, жерлестеріміз Қазыбек Нұржанов пен Нұркен Әбдіровтің 100 жылдығы. Сол асқақ рухтың, ерен ерліктің үлгісін кейінгі ұрпаққа паш ету – бүгінгі аға буынның парызы. Осы мақсатта кеше Қарағанды қаласында Кеңес Одағының Батыры Қазыбек Нұржановтың есімін жеңіл атлетика монежіне беріп, мемориалдық тақта орнатты. Қарағанды қаласында өткен шара туралы жоғарыда жазғанбыз.
Батырға деген құрмет бүгін туған жері Ақтоғай ауданында жалғасты. Ауданымызға қарасты Сәуле елді мекенінде Қазыбек Нұржановтың 100 жылдық мерейтойына арнап батыр атында саябақ ашса, сол жерге «Көкбөрі Керней баба» қоғамдық қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен батыр ұрпақтары аталарының ескерткішін орнатып, тарихи із қалдырды.


Страницы: 12345
E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района