в актогае -7
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
Мобильная версия

Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі туралы ереже

«Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
     1. "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Ақтоғай ауданы әкімі және әкімдігінің қызметiн мемлекеттік басқару мен бақылауды, ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудiжүзегеасыратынмемлекеттік орган болыптабылады.
  2."Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
     3. "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөpi және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған өкілеттілік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен шешімдер қабылдайды.
      7. "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтіледi.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100200, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 4.
      9. Мемлекеттік органның толықатауы: "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттер есебінен жүзеге асырылады.
      12. "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жолданады.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттері
      13. Миссиясы: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, мемлекеттік басқару саласында мемлекеттік саясатты жүргізу.
      14. Міндеттері:
      1) аудан әкімі және аппарат қызметкерлерінің қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
      2) аудан әкімі және аппарат қызметкерлерінің қызметiн құқықтық қамтамасыз ету;
      3) аудан әкімі және аппарат қызметкерлерінің қызметiн ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
      15. Функциялары:
      1) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуге қатысу, мемлекеттік бағдарламалардың және әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жүзеге асырылуына бақылау жасау, өзінің құзыреті шегінде ұсыныстарды қалыптастыру жолымен аудан аумағында Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуына қатысады;
      2) орталық атқарушы органның берген өкілеттігіне сәйкес республикалық бағыныстағы кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер қызметін үйлестіреді, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, республикалық бағыныстағы аумақтық органдардың қызметтерінің өзара әрекеттестігін және үйлестіруді қамтамасыз етеді;
      3) Ақтоғай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы стратегиясын, оны жүзеге асыру, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру механизмі және тактикасын жетілдіру жөніндегі шаралар кешенің қалыптастыруға қатысады және осы мақсатта аудан аумағындағы атқарушы билік органдарының қызметтерін сұрау салу және олардан, талдау жасау, аудан әкімі және әкімдігінің актілерін әзірлеу үшін уақтылы ақпарат алу, олардың атқарылуын қадағалау, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың дамуы мәселелері жөнінде ұсыныстар мен болжамдар қалыптастыру арқылы үйлестіруді жүзеге асырады.
      4) Республика заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінің орындалуын, облыс әкімі мен әкімдігінің, аудан мен аудан әкімдігінің актілерінің орындалуын бақылауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
      5) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесімен, министрліктермен, ведомстволармен, облыс әкімі аппараттарымен, аудандық мәслихатпен, кент, ауылдық округ ұйымдармен өзара әрекет етуді қамтамасыз етеді;
      6) заң шығарушы және басқа да нормативтік құқықтық актілердің, аудан әкімі мен әкімдігінің, аудандық мәслихаттың актілерінің жобаларына ұсыныстар енгізеді;
      7) аудан әкімі өткізетін активтердің, жиналыстардың, халықаралық кездесулердің, сапарлардың және басқа да шаралардың ақпараттық-талдау тұрғысынан, құқықтық, ұйымдастырушылық, хаттамалық, құжаттамалық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етеді, аудан әкімінің, оның орынбасарларының және аудан әкімі аппаратының қызметкерлерінің шаруашылық, қаржылық, материалдық-техникалық, әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету мәселелерін шешеді;
      8) аудан әкімі аппаратының Регламенті сақталуын қамтамасыз етеді;
      8-1) нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету, азаматтық хал актілерін тіркеуді бақылау және тиісті дерекқорлардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды қоспағанда, азаматтық хал актілерін тіркеу;
      8-2) туу туралы куәліктерді беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру;
      9) аудан әкімі және оның орынбасарларының қызметінің құжаттамалық қамтамасыз етуін, қызметтік құжаттардың, хаттардың, азаматтардың өтініштері мен шағымдарының қаралуын, азаматтардың жеке қабылдауын, азаматтардың келіп түскен хаттары мен өтініштерінің, құжат ағымының талдауын, іc жүргізуді қалыпқа келтіруді және жетілдіруді, құпия құжаттармен жұмыс істеуді, мемлекеттік және орыс тілдерінде ic жүргізуді icкe асырылуын ұйымдастырады;
      10) аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, аудан әкімдігі қаулыларының сақталуын қамтамасыз етеді;
      11) жергілікті атқару билік органдарында кадр саясатын аудан әкімінің номенклатурасына енетін кадрлар бойынша ұсыныстарды зерделеу және енгізу, кадрлар резервін қалыптастыру, олардың оқуын, тәжірибеден және қайта даярлаудан өтуін ұйымдастыру арқылы жүзеге асырады;
      12) аудан әкімдігі, аудан әкімінің және оның орынбасарларының қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды, олармен өзара әрекет етуді, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметі жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты, аудандағы экономикалық және әлеуметтік ахуалды, мәселелерді шешу жолдарын түсіндіруді ұйымдастырады;
      13) аудан әкімі мен әкімдігінің құқық қорғау органдарымен және сот жүйесі органдарымен аудандағы заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту сұрақтары бойынша үйлестіруді және өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді;
      14) аудан әкімі мен әкімдігінің норма шығармашылығы қызметінің тетігін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды.
           16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) аудан әкімі мен әкімдігінің құзыретіне енетін мәселелер бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттар, құжаттар және басқада материалдар, лауазымды тұлғалардан ауызша және жазбаша түсіндірмелерді сұрастыру және алу;
      2) атқарушы органдардың иелігіндегі барлық ақпараттық, соның
ішінде құпия мәліметтерді пайдалану;
      3) Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімдерінің, облыс әкімі мен әкімдігінің актілерінің, облыс әкімі мен оның орынбасарларының, аудан әкімі мен әкімдігінің тапсырмаларының орындалуына тексеріс жүргізу және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізу;
      4) аудан әкімі аппаратының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;
      5) аудан әкіміне және оның орынбасарларына аудан әкімі аппаратының қызметкерлерін, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың басшылық құрамын қызметке тағайындау және қызметтен босату, оларды тәртіптік жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу;
      6) аудан әкімдігінің, жергілікті атқару органдарының отырыстарына қатысу;
      7) аудан әкімінің тапсырмасы бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар өкілдерін аудандық әкімдік отырысына мәселелерді әзірлеуге, аудан әкімі аппаратының құзыретіне жататын проблемалық мәселелерді зерделеуге және шешуге қатыстыру.
3. Мемлекеттікорганныңқызметінұйымдастыру
      17. "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін басқаруды аппарат басшысы жүзеге асырады, ол "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапкершілік алады.
      18. "Ақтоғайауданыәкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысының өкілеттіліктері:
      1) белгіленген лимит шегінде аудан әкімі аппаратының құрылымын және штаттық кестесін, сонымен катар олардағы өзгерістерді аудан әкімдігіне бекітуге ұсынады;
      2) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ауданның мемлекеттік органдарының, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттары құрылымының жобасын ұсынады;
      3) аудан әкімі аппаратының үздік қызметкерлерін көтермелеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      4) аудан әкімі аппаратының бөлімдерінің және басқа да құрылымдық бөлімдерінің қызметіне жалпы басшылықты және үйлестіруді жүзеге асырады;
      5) мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;
      6) бұйрықтар шығарады, аудан әкімі аппаратының бөлімдері туралы ережені бекітеді;
      7) аудан әкімі және әкімдігі қарауына ауданның тіршілік әрекетіне қатысты актілер, басқа да қызметтік құжаттардың жобаларын бекітуге ұсынады;
      8) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кeңceciнің, министрліктердің, ведомстволардың, облыс әкімінің аппаратымен, басқа да ұйымдардың, аудандық мәслихатпен, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарымен, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, саяси партиялар және қозғалыстармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және аудан тұрғындарымен тұрақты байланысты қамтамасыз етеді;
      9) аудан әкімі және әкімдігі қабылдаған актілерінің және аудан әкімі тапсырмаларының орындалуын бақылауды және тексеруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
      10) аудан әкіміне кент, ауылдық округ әкімдерін, әкім аппараттарының, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың қызметтерін бағалау жөнінде ұсыныс енгізеді;
      11) аудан әкіміне және әкімдігіне кент, ауылдық округ әкімдері мен әкімдіктерінің заңсыз актілерін жою, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар басшыларының заңға қайшы бұйрықтарын тоқтата тұру түралы ұсыныстарды береді;
      12) кадр саясатының icкe асырылуына жауап береді. Аудан әкімінің қарауына кент, ауылдық округ әкімдерін, бөлім басшыларын, ауданның бөлімдері басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыныстар енгізеді, кадрлар резервін қалыптастырады, лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапқа тарту туралы ұсыныс енгізеді;
      13) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;
      14) азаматтарды жеке қабылдауды өткізеді;
      15) аудан әкімінің тапсырмаларын орындайды;    
         16) аудан әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға бағытталған шаралар қабылдайды.
"Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысының өкілеттіліктерін ол болмаған кезде атқаруды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлға жүзеге асырады.
      20. "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аппарат басшысы басқарады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
      21. "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие бола алады.
      "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүліктер, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалаптастырылады.
      22. "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамада өзгеше көзделмесе, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
      24. "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


 


 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района