в актогае 4
USD 389.86
EUR 435.32
RUB 6.12
Мобильная версия

  • 02.10.19
    Ұстаздар марапатталды
    Елімізде қазанның алғашқы жексенбісі – мұғалімдер күні. Ұстаз – ұлт пен ұрпақ үшін қасиетті ұғым. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухта тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытуда мұғалімнің еңбегі зор. Міне, сондықтан да елімізде ұстаздар күні қарсаңында мұғалімдерге құрмет көрсетіп, үздіктерін марапаттау дәстүрге айналған. Мереке қарсаңында Ақтоғай ауданы ұстаздар қауымын қошеметке бөлеп, құрмет көрсетті.
  • 02.10.19
    Бүгін аудан әкімдігінің кіші залында мұғалімдердің кәсіби мерекесіне орай ресми қабылдау өтті.
    Бүгін аудан әкімдігінің кіші залында мұғалімдердің кәсіби мерекесіне орай ресми қабылдау өтті. Кәсіби мерекеге білім саласындағы ерен еңбегі үшін бір топ аудандық ардагер – ұстаздар қатысты. Мерекелік қабылдауға қатысқан аудан әкімінің орынбасары А.Аманжолов барша ұлағатты ұстаздарды атаулы мерекелерімен құттықтап, ұрпақ тәрбиелеудегі мұғалімдердің зор қызметін атап өтті. Жиын соңында ұстаздардарға сый-сияпаттарын табысталып, сый-құрмет көрсетілді
  • 01.10.19
    1 қазан күні аудандық ардагерлер үйінде Халықаралық қарттар күні аталып өтті.
    Аудандық ардагерлер үйінде дастархан жайып, аудан басынан ауылдық округ қарттары, зинетке шыққан, Ақтоғай ауданына еңбегі сіңген бір топ қарт ардагерлері бас қосты. Мерекелік шарада аудандық мәслихат хатшысы Р.Әбеуов сөз алып, - үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл- кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың ауданымыздың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер, баршаңызға мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл күй, ұзақ ғұмыр тілеймін, деп қарттарға ізгі тілектерін арнады.
  • 01.10.19
    Сарышаған кентінде 1 қазан Халықаралық қарттар күніне орай өткізілген іс-шараның ақпары
    Қазақ халқы ерте кезден ақсақалы мен ақ шашты ананы қадірлегені соншалық, ақ киізге орап, көтерген екен. Бүгінде біздің аталарымыз бен аналарымыз да сондай құрметтен кем емес. Орны – төр, қатары – алдыңғы сапта. Қарттарымызды құрметтеу және қадірлеу мақсатында 1 қазан Халықаралық қарттар күніне орай Сарышаған кентінде жүргізілетін іс-шаралар жоспары бекітіліп, ұйымдасқан түрде өткізілді. Іс-шараны өткізу мақсаты: адамзат бойындағы үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттерін арттыру және қарияларды құрметтеу. ​2019 жылдың 1 қазаны күні сағат 11:00-де Мәдениет үйінде «Ауылдағы қария-ағып жатқан дария» атты кентіміздің қарттары үшін арнай мерекелік концерт ұйымдастырылды. Кентіміздің әкімі Р.И. Наурызбаев және Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Магзумов және қоғамдастық ұйымының төрағасы Р.Бокишев қарттарымызды атаулы датамен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Мерекелік концертті кентіміздің өнерлі жастары мен мәдениет үйінің қызметкерлерімен ұйымдастырылды. Концерт барысында кентіміздің жеке кәсіпкерлерінің демеушілігімен кішігірім сыйлықтар берілді.
  • 25.09.19
    Партияның Ақтоғай аудандық филиалының төрағасы қоғамдық қабылдау өткізді
    Аудандық «Nur Otan» партиясы ғимаратында аудан әкімі , аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының төрағасы С.Әбеуова 24 қыркүйек күні жекелеген ауыл тұрғындарымен кездесіп, қоғамдық қабылдау жасады.Қабылдауға алдын-ала жазылған жас кәсіпкер А.Төлеухан, көпбалалы ана А.Сыздыкова келіп өздерінің мәселелеріне қатысты сұрақтарын қойды. Тұрғын үй мәселесі бойынша және жеке кәсібін ашу үшін берілетін көмектер жайлы сұрақтармен келген азаматтарды аудан басшысы мұқият тыңдап, барлық мәселелеріне толық жауаптар қайтарды. Қойылған сұрақтар аясында мекеме басшылары шақыртылып, мәселені түбегейлі шешуге тапсырмалар жүктеді. 
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ БОС ОРЫНДАРЫ
Мемлекеттік қызметтер
Mемлекеттiк қызметтiң имиджi
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ
СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ
ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ
Қоғамдық ұйым
САЙЛАУ
Бюджет
Салық
ИНВЕСТОРЛАРҒА
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ
Ақтоғай ауданы бойынша тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу
АҚТОҒАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУЛЕРІ
АҚТОҒАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ОНЛАЙН ТРАНСЛЯЦИЯ
Әкімнің блогы
Әбеуова Салтанат Мірәсілқызы
Ақтоғай ауданының әкімі
АУДАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫМұрағат
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ
БІЛІМ
Бизнес
ҚОРШАҒАН ОРТА ЖАҒДАЙЫ
ДЕНСАУЛЫҚ
Әлеуметтік сала
МӘДЕНИЕТ
Қоғамдық кеңес
Ақтоғай ауданының елді мекендерінің бас жоспары
ӨНЕРКӘСІП
ҚАУІПСІЗДІК
ХАБАРЛАНДЫРУ
Аудандық консультативтік-кеңесу органдары және комиссиялар
E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района